АВИА ТАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕСЕБІ

Барлық туристік фирмалар солай немесе басқадай авиабилеттерді сатуды авиакомпанияның өкілдігі ретінде немесе ұсынылатын туристік өнімнің бір құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асырады.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасының №182 25.04.2003ж. бұйрығына сәйкес:

Тасымалдаушы – бұл өзінің меншігінде көлікті құралға құқығы иелігі бар немесе басқа да заңдылықтардың негізінде жолаушыларды тасу, жүктерді тасымалдау бойынша және поштаны ақыға немесе жалға және бұл үшін бекітілген тәртіпте берілген сәйкесті рұқсаты немесе лицензиясы бар заңды және нақтылы тұлға.

Агент – тасымалды ұсынатын, тікелей өкілеттілігі бар немесе оның атынан барлық тасымалдың әуе кемесінің келуімен, кетуімен және ресімделуімен тасымалшы, экипаж, жолаушы, жүк, пошта, борттың қорларының өкілеттіліктерін орындаушы.

Билет –тасымалдаушы немесе оның агенті бекітілген келісімшарт куәлігі мен жолаушыны әуе тасымалында және оның жағдайларында тасымалға берілетін құжат.

Жолаушы –экипаж мүшелерінен басқа тасымалданатын немесе әуе кемесінде әуе тасымалы келісімшартына сәйкес тасымалданатын кез келген тұлға.

Турагенттер мен туроператорлардың жарнамалық қалқандарында «Барлық бағыттар бойынша әуе билеттерін сату» дегенді жиі оқуға болады. Бұл авиакомпания мен туристік фирма арасындағы агенттік келіссөздер нәтижесі болып табылады.

Әуе билеттерін сатушы ретінде көрінетін туристік фирмалар әдетте (2 -2,5- пайыз сатылған әуе билеті құнынан) сыйақы алады.

Халықаралық тасылымдар Салықтық кодекстің 25-бабы 12-2 бөліміне сәйкес ҚҚС-нан босатылған, 224 бап 2б. сәйкес «бірдей халықаралық тасымалдық құжатпен ресімделеді» Қаржы министрлігінң Салық комитетінің 25.02.2006ж. №НК-УМ-5-16/2930 және 29.12.2005ж. №НК-УМ-5-16/12292 хаттарына сәйкес әуе билеттерін сатудан түскен агенттік сыйақылар айналымға жатқызылмайды, ҚҚС-нан босатылған.



Неліктен әуе билеттерін сататын агенттерде ҚҚС агенттік сыйақы болып табылады?

Тасымалдаушылар сатылған жеріне қарамастан билеттерге бірдей баға ұстауға ұмтылады. Алматы – Мәскеу билетінің құны аэропорт кассаларында да, тасымалдаушы кассаларында да және турагент кассаларында да бірдей. Бұл билеттерге меншік құқығы турагенттерге өтпейді. Агенттер үшін айналым әуе билеттерін тарату бойынша қызметтерге сыйақы болып табылады.

Шоттар корреспонденциясы Мазмұны
Д-т 1010,1040 - К-т 3390 Туристен әуе билеті үшін төлем қалбылдады
Д-т 3390 - К-т 1040 Агент апарушыға билетің құнын төледі
Д-т 1210 - К-т 6010 Табыс есептелді (агентік сыйақы)
Д-т 1210 - К-т 3130 Агентік сыйақыға ҚҚС есептелді
Д-т 1010 - К-т 1210 Апарушыдан агентік сыйақы төленді

Салық кодексінің 235-бабы 2-б.4-бб сәйкес «ҚҚС сомасы жол жүру билеттерінде, теміржол немесе әуе көлігінде тасымалдаушының салық төлеуші тіркеу нөмірі көрсетілуімен жүргізіледі. Яғни, әуе билетін сатып алғанда билетте көрсетілген ҚҚС-ны заңдылық тұлға агенттен салықтық шот фактураны талап етпейді. Бұдан басқа Салық комитетінің 24.02.2003ж. № НК-УМ-07-2-18/1447 сәйкес ҚҚС мөлшері салықтық шот-фактура тіркелімінде ҚҚС декларациясы есебіне сәйкес келмеуі мүмкін (300.00 нысаны). Ал бұл дегеніміз әуе билетін сатып алушы ҚҚС сомасын 300.00.11 декларациясы жолында салықтық шот-фактура жоқтығына қарамастан көрсетуі мүмкін.



Агент өз кезегінде салықтық шот-фактураны беруге құқығы жоқ, өйткені жолаушыны тасымалдау оның айналымы емес. Егер агент сатып алушыға салық тық шот-фактураны әуе билетінің толық құнымен көрсетіп жазса, онда өзінің айналымын табиғи көтереді. Бұл камералық тексеруде салық бақылаушысымен өзара қарым-қатынаста қосымша проблемалар туғызуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының туристік саласын 2007-2011 жылдар аралығында дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы (әрі қарай– Мемлекеттік бағдарлама) ҚР Президентінің халыққа Жолдауын жүзеге асыру бойынша жалпыұлттық орындау Желісі графигінің 16 б. сәйкес 01.03.2066 жылғы «Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» және ҚР үкіметінің 31.03.2006 жылғы №222 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2006-2008 жылдарға арналған ҚР Үкіметі бағдарламасы, 25.08.06 ж. №822 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын 2007-2009 жылдарда әлеуметтік-экономикалық орташа уақытта дамыту жоспары (екінші кезең).

Туристік индустрияны дамытудың жаңа қарқыны жеті кластерлі бастамалардың есебінде экономика секторындағы салалардың басымдылықтарының бірі болып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемдік туристтік қауымдастыққа шынайы интеграцияны және халықаралық туристік рынокта позицияларды бекітудің мүмкіндігі бар.

Осы жағдай мақсатты алғышарттарын қоюға және елдің бәсекеге қабілетті туристік индустриясын дамытудың міндеттерін шешуді халықты қызмет көрсету аясында жұмыспен қамту арқылы шешу жолдарымен, оның ішінде туризм секторын ауыл шаруашылығымен, ұлттық табиғат, мәдени парктерінде, көліктік және қатынасты инфрақұрылымда және т.б. экономикалық өсу жолдарына көмектесу.

Қалыптастырылған жағымды тенденциялар бірінші кезекте салалық міндеттерді шешуге, оның ішінде келешектің ұзақ кезеңде дамытудың есебімен шешуге мүмкіндік береді. Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы, атап айтқанда Қазақстанды 2011 жылдың соңында орталық Азия аймағындағы туристік орталыққа айналдыру.

Қазіргі Қазақстан Республикасының мәдени жәәне табиғи потенциалына негізделген туристік индустрия туризмнің икемді интеграциялық табиғи жүйесін құрушы, халықаралық саудада туристік қызмет көрсету жүйесін көбірек серпінмен дамытушы және салаға салынған капиталды оның капитал сыйымдылығына қарамастан тиімді қайтарылуы болып табылады.

Бұл жерде үлкен рөл жоспарлау әрекеттеріне сәйкес беріледі және мемлекет аралық, мемлекеттік және жеке деңгейде туристік саланың берік дамуын, мемлекеттік басқару әдістері мен нысандарын жетілдіру және кең ауқымда Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға арналған туристік саланы дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүргізіледі.

Жалпы жағдайлар

2007 жылдың 1 сәуірінен бастап «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 13.06.2001 жылғы №211-ІІ ҚР заңына өзгерту енгізілді.

· туристік индустрияда қызмет көрсету сертификаттары алып тасталынды;

· лицензиядан айыру тек сот тәртібімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Турагенттер мен туроператорлардың қызметі «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 13.06.2001 жылғы №211-ІІ ҚР заңымен және Конституция мен ҚР Азаматтық кодексімен реттеледі.

1. Негізгі түсініктер жоғарыда көрсетілген заңның 1-бабында анықталған.

· туристік қызмет агенттігі (турагент қызметі) – нақтылы және (немесе) заңды тұлғалардың осы қызметтің түріне, туристік өнімді жүзеге асырумен және әрі қарай жүргізуге лицензиясы бар қызмет (әрі қарай – турагент);

· туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) заңды тұлғалардың қызметтің осы түріне, қалыптастыруға, әрі қарай жылжытуға және туристерге және туристік агенттерге өздерінің туристік өнімдерін сататын және әрі қарай жүргізетін қызмет (әрі қарай туроператор);

· туристік жолдама – туристік қызметтерді кешенді алуға құқық беретінін бекітетін құжат;

· туристік қызметтер – қызметтер туристің қажеттілігін қанағаттандыру үшін оның туристік саяхаты кезеңінде ұсынылатын және осы саяхатқа байланысты (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туристік нұсқаушылардың қызметтері, гидтер (гид аудармашылар) және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер;

· туристік өнімді жылжыту –туристік қызметтерді көрсетуге бағытталған шаралар кешені (жарнама, мамандандырылған көрмелер мен жәрмеңкелерге қатынасу, туристік өнімдерді сату бойынша туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер басып шығару және тарату).

Туристік қызметті мемлекеттік реттеу туристік қызметті лицензиялау және туристік қызмет аймағындағы стандарттау құралдарымен жүзеге асырылады («Туристік қызмет туралы» ҚР Заңы 9-бабы 3-б.) лицензияны алу ҚР «Лицензиялау туралы» 17.04.1995ж. №2200 Заңының 9-бабы 1-бөлімінде (46 бб.) туристік қызметте, турагенттің, сондай-ақ туроператордың міндетті шарты болып табылады. Туристік қызметті лицензиялау ережесі ҚР Үкіметінің 14.09.2001ж. №12-13 қаулысымен бекітілген (15.03.2006ж өзгертілген және толықтырылған).

· лицензияны алуға құқық Қазақстан Республикасының нақтылы және заңды тұлғаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында құрылған шетелдің заңды тұлғаларына, олардың бөлімшелері мен өкілдіктеріне ұсынылады;

· лицензияға құқық туристік қызметті жүзеге асыруда (туроператор, турагенттік және туристік нұсқаулық қызметтер көрсету бойынша) басты болып табылады;

· лицензия заңды тұлғаға –оның әділет органдарындағы тіркелген орны бойынша, нақтылы тұлғаға – салық органдарында тіркелген орны бойынша беріледі;

· өтініш беруші-заңды тұлғаның өкілдігі мен бөлімшелері оның құрамында лицензияланады.

Туристік уәсіпорындардың алған лицензиялары материалдық емес актив құрамында бейнеленеді. Лицензияның әрекет ету уақыты шектелгенде олардың құндары лицензияның әрекет ету уақыты бойына өтелімденеді (біртіндеп кезеңдер шығынына жатқызылады). Егер лицензия шексіз уақытқа берілген жағдайда ондай лицензиялар кезең бойына өтелімденуге жатады, ал кәсіпорын ағымында оны пайдаланудан экономикалық пайда алуды болжайды. ХҚЕС 38 «Материалдық емес активтерге» сәйкес материалдық емес активтер шексіз уақытқа берілгенде әрбір есептік уақытта оның құнсыздануына тестілендіруге жатқызылады.

Туроператор мен турагент туристік қызмет көрсетуге бекітілген келісімшарттардан туындайтын азаматтық - құқықтық жауапкершілікті сақтандыруға міндетті («Туристік қызмет туралы»ҚР заңының 27-бабы, 4-б.). Осы міндеттеме ҚР «туроператорлар мен турагенттердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 31.12.2003 жылғы №513-2 заңымен реттеледі. Бақылаушы органдарға сақтандыру келісімшарттарын ұсынбау лицензияның әрекетін тоқтату үшін негіз болып табылады (Заңның 5 бабы, 2-б. ).

«Келісімшарт бойынша туроператорлар мен турагенттердің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандырушылық жағдайы азаматтық-құқықтық жауапкершілік басталған сәттен бастап туристке туристік қызмет көрсету кезінде мүліктік және басқа да келтірілген залалдың орнын толтыру бойынша факті болып табылады. Сақтандыру жағдайы сақтандырушыға келтірілген залалды толтыру туралы соттың шешімі шыққан сәттен бастап заңды күшіне енді деп есептелінеді, немесе сақтандырушыға туристің оның залалын толтыру туралы талаптары негізделген және сақтандырушы талаптарының танумен сақтандырушы таныс деп есептелінеді» (Заңның 5 тарауы). Сақтандыру бойынша шығындар бухгалтерлік, сондай-ақ салықтық есепте шегерімге жатқызылады.

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы территориясында қиын жағдайға душар болған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізімі құрастырылған (№450 14.05.2003ж. ҚР Үкіметі қаулысы).

Атауы Дислокация Жатқызылуы
Мемлекетік ұйым "Республикалық жедел-құтқару бөлімі" Алматы обылысының Қарасай районындағы Ақжар ауылы Қазақстан Респудликасының жедел жағдайлар бойынша министірлігі
Мемлекетік ұйым "Орталық аумақтық аэромобильді жедел-құтқару бөлімі" Астана қаласы Қазақстан Респудликасының жедел жағдайлар бойынша министірлігі
Мемлекетік ұйым "Шығыс аумақтық аэромобильді жедел-құтқару бөлімі" Өскемен қаласы Қазақстан Респудликасының жедел жағдайлар бойынша министірлігі
Мемлекетік ұйым "Солтүстік аумақтық аэромобильді жедел-құтқару бөлімі" Қостанай қаласы Қазақстан Респудликасының жедел жағдайлар бойынша министірлігі
Мемлекетік ұйым "Батыс аумақтық аэромобильді жедел-құтқару бөлімі" Атырау қаласы Қазақстан Респудликасының жедел жағдайлар бойынша министірлігі
Мемлекетік ұйым "Оңтүстік аумақтық аэромобильді жедел-құтқару бөлімі" Қызылорда қаласы Қазақстан Респудликасының жедел жағдайлар бойынша министірлігі
Ортақ диспечерлік қызмет Алматы қаласы Алматы қаласының әкімі

Осындай жағдайда, турагенттер мен туроператорлар Қазақстан территориясында өз тұтынушыларына жоғарыда аты аталған ұйымдармен қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады.


4789345864361576.html
4789399564157505.html
    PR.RU™